30.09.2022
  194


Автор: ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу)

МҰХИТТЫҚ АРАЛДАР

 


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ



  1. Тының мұхиттының орталық және оңтүстік батысында орналасқан ауданы 1,3 млн шаршы шақырымды құрайтын 10000 аса аралдар мен топаралдар кіреді: мұхиттық аралдарға


 


ЖЕР БЕДЕРІ



  1. Аралдардың көпшілігі шығу тегі жағынан: жанартаулық аралдар

  2. Шығу тегі жағынан материктік аралдардың ең ірісі: Жаңа Зеландия

  3. Ірілігі жөнінен жер шарындағы екінші арал: Жаңа Гвинея

  4. Маржандық аралдар құрайды: атоллдарды

  5. Ашық теңіздегі маржан аралдарының бір түрі: атолл

  6. Тынық мұхитын зерттеген ғылыми-зерттеу кемелері: «Витязь» (Ресей), «Челленджер» (Ұлыбритания)

  7. Тынық мұхитының ең терең жері: Мариан шұңғымасы

  8. Мариан шұңғымасы ашылды: 1957 жылы Ресейдің орыс саяхатшылары басқарған «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесінің зерттеулері нәтижесінде


 


ЗЕРТТЕЛУІ



  1. Мұхит аралдары тарихи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты 3-ке бөлінеді: микронезия (кіші аралдар), меланезия (қара аралдар), полинезия (көп аралдар)

  2. Тынық мұхитындағы жанартаулық және полинезиялық аралдардың ең ірісі: Гавай аралдары

  3. Аралдағы ең биік сөнбеген жанартау: Мауна-Лоа, 4170 м

  4. Мұхит аралдардың негізгі халқы болып саналатын папустардың тұрмыс-тіршілігін зерттеген орыс саяхатшысы: Н.Н. Миклухо-Маклай

  5. Мұхит аралдары мен Тынық мұхит аралдарын жеңіл бальс ағашынан жасалған «Кон-Тики» қайығымен жүзіп, мұхит табиғатын зерттеуге үлес қосқан норвег саяхатшысы: Тур Хейердал

  6. Француз елінің әйгілі теңізшісі Жак-ив-Кусто аквалангты ойлап тапты: 1943 жылы

  7. Мұхиттық аралдарындағы ең дамыған ел: Жаңа Зеландия (Веллингтон)


 


КЛИМАТЫ. ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ



  1. Мұхиттық аралдардың Жаңа Зеландиядан басқасы орналасқан: экваторлық және тропиктік климаттық белдеулерде

  2. Мұхиттық аралдардың барлық аралдары алуан түрлі өсімдіктерден тұратын мәңгіжасыл ормандардан тұрады: кокос пальмасы, каучукты ағаштар, манго, банан, қауын ағаштары

  3. Қоңыржай белдеудің ормандары таралған: Жаңа Зеландия мен Оңтүстік аралда

  4. Мұхит аралдардың жануарлар дүниесі ерекше: саны аз сүтқоректілердің ішінде жыртқыштар аз, ал бауырмен жорғалаушылар арасында улы жыландар кездеспейді

  5. Құстардың қандай түрі өте көп: теңіз құстары


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу