30.09.2022
  73


Автор: Қазақ ырымдары

Байғыз—түнде ұшатын құс. Ол шаңыраққа қонып шақырса, жаман ырымға жатқызады. Көсеудің басын отқа күйдіріп: «Жамандық қара басыңа көрінсін!» деп отпен аластайды. Байғыздың шаңыраққа қонуы— қара түнде қара ниет тарататын сайтанның сілтемесі деп қарайды. Бұл сол үйдің шаңырағын шайқайды деп, жаман ырымға балайды. Байғыз қонақтап кеткен жерде бір тамшы қан қалады дейді. Байғызды отпен аластаудың себебі—артында сайтан қалмасын, сайтан оттан қорқады деген нанымнан шыққан. Байғыз қонған шаңырақта қан дағы байқалса, сол шаңырақты шағып, отқа жағады. Әйтпесе бұл шаңырақтан пәле артылмайды деп ұйғарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу