26.09.2022
  358


Автор: Ұстаздар күні

Менің сүйікті ұстазым

     «Алақанда аялап, білім берген тәрбиелеп, бар жақсыны үйретіп, үніменен тербелеп, жүзінде бар қуаныш, жақсыға толы қылар іс сүйікті менің ұстазым — сізге айтам мың алғыс» — деп жанымызды нұрландырған, барша жанды таң қалдырған менің сүйікті ұстазымды бүгінгі келіп жеткен «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймын. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» — дегендей, сіздің бізге тәлім-тәрбие, ілім-білім бергеніңіздің арқасында бұл күнде әр қайсысымыз өз жолымызды таба білдік деп үлкен қуанышпен айта аламын. Бұл күнде біз сізден алыс, қай қалада жүрсек те мектептегі балдай тәтті бал шақтарымызды ұмытпаймыз. Өзіңізге деген құрметіміз ұшан-теңіз. Ойнап-күлсек ел қатарлы — ұстазым сіздің арқаңыз, қызмет етсек ел үшін деп — ұстазым сіздің арқаңыз. Өлең жазсақ «ұстазым» деп — ол да сіздің арқаңыз. Әуелетіп әнге салсақ, бар жақсыны арнасақ, ақ жаулықты ұстазым, бәрі сіздің арқаңыз! Көп рахмет Гүлнар апай, алғысымыз көп біздің, әр жыл сайын тойлайықшы мерекені кеп күзім. Алтын күздей жарқырап, жайнай берші ұстазым, бізге үлгі боп Гүлнар апай, өзің салған текті ізің.....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Сафия
Сафия 27.02.2023 22:21
Бүртүрлі
Момынхан Азиза
Момынхан Азиза 27.01.2023 10:31
Алғаш рет ортаның санамды, Алғаш рет ұстатқансың қаламды. Сол үшінде мәңгі сыйлап өтремін Түсіндірген Жақсы менен жаманды.

Пікір жазу