Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  80


Автор: Темірше Сарыбаев

СЕН БОЛМАСАҢ...

Жүрген жоқпын ойларыңды кем екшеп,
Соның бәрі еріккеннен емес тек.
Өз-өзімнен езу тартам мәз болып,
Сенің кейбір еркелігің елестеп.
Қарағаның, назданғаның, күлгенің
Жүрегімнің жарқыратты жыр кенін.
Деу де бақыт – мен өзіңмен гүлдедім,
Деу де бақыт – мен өзіңмен біргемін.
Кір жуытпай, келесің-ау арға сен,
Сен сөйтпесең мен де алаулап жанбас ем.
Сенбейсің ғой, сәуле ойнатар жаныма,
Өн бойыңда бір құдірет бар десем.
Сен болмасаң қамап алып қара түн,
Оттарыма су құяды жанатын.
Тағдырымды талқандайды тұл етіп,
Өрт шарпиды қиялымның қанатын.
Арғымақ ем жібек жалын жел сүзген,
Өзімді-өзім сезіне алман сенсіз мен.
Сен болмасаң алаңдаймын,
Адасып,
Жолаушыдай келе жатқан елсізбен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу