Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  132


Автор: Ақылбек Манабаев

ҮН ҚАТҚАН НӘЗІК ДІРІЛМЕН

Үн қатқан нәзік дірілмен,
Сезім бе сырлы бұл теңіз.
Дүние-ау, көкке үңілген
Көзің бе нұрлы бұл теңіз.
Ой іздеп барсам, сый ал деп,
Қиылар ма екен бұл теңіз.
Кеудеме шексіз қиял боп
Құйылар ма екен бұл теңіз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу