Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  99


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖАНАРЫМДА ЖАЗУЛЫ

Ұнатам ба,
Әлде сені жек көрем бе,
Сұрамашы,
Сұрама,
Айта алмаймын.
Ашу ойнап от денемде,
Кектенем бе,
Арнадан асып бірақ шайқалмаймын,
Отырамын үнсіздікпен шектелем де.
Себебі не,
Тура жауап қайтармаймын.
Жанымды орап ыстық жалынына,
Ілеспей құр елестің сағымына,
Сабырымды сақтайды іркіп төзім.
Мұңая да білемін,
Сүйіне де,
Жүзімнен емес әсте таң арылған
Жазғы күндей жарқырай ма, түйіле ме,
Сырымды ұға алмайсың қабағымнан.
Оқыңдар,
Көңілімнің күйі неде?
Жүрек үкімі жазулы жанарымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу