Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  90


Автор: Ақылбек Манабаев

Аударыспақ

̶ Думанмен қыздыратын дала тойын,
Бұл да бір дәстүрге енген тамаша ойын,
̶ Кәнеки, қайсың барсың, ̶ деп тебініп,
Секілді шықты жігіт қара шойын.
Тұлпарын астындағы баптап мінген,
Саңлақтар сайыс десе сақ-сақ күлген,
Үзеңгі қағысты да кетті алысып,
Кетердей қарсыласын таптап бірден.
Тіресе бүкірейген арыстан бел,
Ұстасып,
Жұлқып,
Сілкіп,
Қарысқан қол,
Ырыққа екі жақты көндіруге,
Ширыққан берер емес намыстар жол.
Әдіспен жеңгенді жұрт жатыр демеп,
Сыйлаған қашан да ел батылды ерек.
Таныту үшін дағы қара күшті
Екен айла менен ақыл керек..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу