Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  279


Автор: Ақылбек Манабаев

ӘЖЕСІ ӘҢГІМЕЛЕДІ

Айқын ескен қасіреттің саздары,
Аянышты жайлар екен жазғаны.
Қиындықтан қабырғасы қайысып,
Сорлап жүрген бейбақ жандар аз ба әлі.
Жалынымен өртеп өтер өзекті,
Еті тірі, бұл баланың сөзі отты.
Бағыты да дұрыс екен.
Меніңше,
Өз қаруын дұшпанға дөп кезепті.
Біздің елде түн де жарық, күн құтты,
Басқан әрбір қадамыңа гүл бітті,
Оқулықтан ұққандарың болмаса,
Білмейсің сен теңсіздікті, құлдықты.
Жер бетінен арылған жоқ ондайлар,
Мына хатқа арқау болған сол жайлар.
Партияңды, Отаныңды сүй, қалқам,
Бақытыңа ашып берген мол қайнар.
Бұл сенімді қамқорларың барда аман,
Тосалғы жоқ арманыңа таңдаған.
Сусындасаң ізгіліктің балымен,
Әжең саған мәңгі риза, жан балам.
Жан досыңның хикаясын ықылым,
Оқып шықтың қалдырмай бір үтірін.
Азалы елді азаптаған сұмдарға,
Білдір енді жүрегіңнің үкімін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу