Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  91


Автор: Ақылбек Манабаев

ТАС ТУРАЛЫ ЖЫР

Қайрылмаса іс түскенде басқа ауыр,
Жан деймізғои ондайды біз тас бауыр.
Ойласа егер тәтті арманға қас тілек,
Адам дейміз ондайды біз тас жүрек.
Жамандықты осылайша ылғи біз,
Тасқа балап сипаттап, бас шұлғимыз.
Байқағанға бұл сөзге үлкен астар бар,
Бар: егілмес, елжіремес тас жандар.
Миын мәңгі мұздар құрсап, басқан қар,
Қайырымсых қатыгез қу бастар бар.
Өмір бойы өтетұғын жас тамбай,
Қатып қалған жанарлар бар тастардай...
Қаталдығын көрсем егер басқаның,
Жібітуге талпынамын тас жанын.
Тастай қатты көңілдерден жиренем,
Тастай берік сенімдерден үйренем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу