Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  79


Автор: Әлімқұл Данияр

...кездесуге...

Сыр сауып жақ ашпадым,
Келмейтінді шығардың (қылық бөтен)
Ақ шатырлы аспан мен ағаштардың,
Астында аз аялдап тұрып кетем!
Қара мысық кейпінде күдіктерің:
Жолыңды кесе берер.
Көңіліме көктем әкел – үміт керім
Мұңның мұзы ерісін десең егер.
Тулаған тамырымда зор ағын ең!
Қаптаған қара халық. (Нөпірме ел?)
Жолдардың жан түйіспес торабымен
УАҚЫТ-тың үстіндегі көпірге кел
...кездесуге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу