Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  69


Автор: Әзия Мағыперқызы

Көкседім көктем күлкіңді

Алысты аңсау ермегі,
Намысты қызбын сырға бай.
Сағынышымның кермегі,
Кеудемде тұнып тұрғаны-ай.
Көкседім көктем күлкіңді,
Ашылмай арман гүлдерім.
Күй кешіп жүрмін бір түрлі,
Күйреуге таяп сүлдерім.
Ілеге тартып кетем бе?
Мініп ап жүрдек көлікке,
Аналар туған мекенде,
Айналып жүрет періште.
Намысты қыздың нарқы айна,
Таразы табар талғамын.
Ақбұрқақ қазір Алтайда,
Іледе дейді ақ жауын.
Кеудеде кербез сыр жатса,
Осыдан артық жоқ қой бақ.
Кеңсайдың іші құрғақ па?
Сайырдың іші көктайғақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу