Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  65


Автор: Талап Қараш

Тұрсынбек Ешенқұлов ағама

Тап болдық-ау меңіреу тас заманға,
Қасиетін жаншып басқан табанға.
«Ән - Әсетті» қолға ұстап келеміз,
Өкпе артып бет қайтарған «Хабарға»
«Бұлақ көрсең көзін аштың» ұмтылып,
Жер қойнында қалмасын деп тұншығып.
Мінезің бар алмас қылыш жүзіндей,
Сізді көрсем өмір сүрем құлшынып.
Бір амалын енді бірде табармыз,
Басқа жердің есіктерін қағармыз.
Ұлтын сүйген нағыз қазақ жолығып,
Аға - іні боп, қас-қабағын бағармыз.
Солай-солай біздің бүгін халіміз.
Басқа шауып келе жатыр қанымыз.
Жолықтық-ау шала қазақ мәңгүртке,
Күйіп-пісіп жүрген кезде жанымыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу