Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  156


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Жұбату

Балғатай бауырым, УАҚ руынан таралған,
Ерекше болып, басқадан артық жаралған.
Фәниде, жарық жұлдыздай болып жандың да,
Бақилық болдың, төтенше келген ажалдан.
Таңертең кетіп, жұмыстан үйге қайтпадың,
Қоштасу сөзді, жанұяңа мына айтпадың.
Жарқылдап жүрген, ақкөңіл інішегім-ай
Білмей де қалдық, сұм ажал Сені тартқанын.
Келгенде мені, Ағалап тұрып сыйлаушы ең,
Ішіме тартып, Сені де, мен де қимаушы ем.
Жалғанай өмірің, өтіп барады екен-ғой,
Жұмыстан басқа, нәрсеге көңіл бұрмаушы ең.
Інім жоқ енді, жүретін маған еркелеп,
Сәлемін беріп, сыйлайтын мені «Көке» деп.
Қабырғам қатты, сөгіліп тұр ғой бауырым,
Қыршын боп кеттің, бұл өмірден ертерек.
Келмеске кетіп, орының бос тұр тоқырап,
Жанұяң Сені келед деп күтіп отырад.
Келе алмай қалдым, тіршілік сылтауларымен,
Сала алмай қалдым қабырыңа бір уыс топырақ
Жұбату айтам, қайғының бетін тырнамай,
Қамыққан көңіл, қаралы жанды қинамай.
Бара алмай қалған, кезімді ойға алғанда,
Кеткендей болам өзімді-өзім сыйламай.
Балғатай бауырым, ешқашан орның толмайды,
Қаншама айтсақ, бұрынғыдай болмайды.
Қуаныш пенен Айнура қызығын көре алмай,
Бұл дүниеден, асығыс өттің, сол қайғы.
Алланың ісі, Шаһизада келін мұңайма,
Жұбату сөз-ғой, мұңаймау Саған оңай ма?
Біз сияқты ағатайларыңды көргенде,
Балғатай түсер, әрқашан Сенің ойыңа.
Көтергін келін, Тағдырдың басқа салғанын,
Төтенше келген, қайғының ауыр салмағын.
Артының жақсы болғанын сұра Алладан,
Қайғылы жағдай, бұл үйде енді болмағын.
Шүкірлік жаса, күш қайрат жинап бойыңа,
Көп ойлап енді, өткенді аңсап мойыма.
«Орнында бар, оңалар»-деген сөз бар ғой,
Келейік біздер, Қуаныш, Айнур тойына.
Берік бол келін, орнында бар ғой – Қуаныш,
Көңіліңе желеу, жүрегіңе медеу-жұбаныш.
Бас-көз бол, жауқазын балаларыңа,
Оныңда өзі, болады Саған – уаныш.
Бақыл бол енді, Балғатай атты бауырым,
Жеңілін емес, көтердің жүктің ауырын.
Мәңгілік Сені еске алад: туыстарыңмен,
Артыңда қалған, Шаһизада атты аруың.
Жылыңа келдім, барады уақыт алыстап,
Ақжарқын бейнең, кетпейді естен қалыс-қап.
Рухың да бізді жүрген де шығар айналып,
Бір аят Құран, оқиын саған бағыштап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу