Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  87


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Мараға

«Тамаша» өлеңінің әуенімен.Өлеңі К. Жұмағалиевтікі .
Тамаша Сұлтан-Мара тойларыңыз,
Қырықты атап өту ойларыңыз.
Қарлығаш азамат боп өсе берсін,
Сіздерге болсын дейміз жолдарыңыз.
Тамаша Сұлтан-Мара дастарханың,
Сұлтеке оны өзің басқарғаның.
Әдейі балдызымды құттықтаймын,
Қырықты меңгеріп те тастағанын.
Балдызым мұңаймашы әлі жассың,
Сұлтекең бұл сөзді естіп көңілі тассын.
Тамаша Сара менен Мұрат барып,
Мойныңа сары алтыннан алқа тақсын.
Бажалар бір-бірімен тату болса,
Ішінде мендей біреу ақын болса.
Тамаша құда-жекжат араласып,
Туыстар жіп өтпейтін жақын болса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу