Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  89


Автор: Ұлыхан Сұлтанқызы

Бір нәзік сәуле

Ауылдың жаны көгілдір көл-ді көп төбе,
Табиғат сұлу құшағын жайған көктеме.
Бар еді көлдің шетінде жалғыз жас қайың.
Секілді маған сырластай таныс көп келе.
Жапырағы түсіп сылдырап жерге төгілген,
Жас қайың тұр мұңлы қасырет сезіммен.
Көл толқыны жағаны келіп ұрғанда,
Ырғалады ол қоштасып тірлік өмірмен.
Тулаған толқын шымырлап барып тоқтады,
Шашылып маржан үзіліп түсті шоқтары.
Кешегі сәнді сыңғырлаған аққулар,
Қаз-үйрегі көгілдір көлдің жоқ бәрі.
Жас қайың анау неліктен кетті жығылып,
Ерке бір желмен ән толқитын сызылып.
Мұңая мен де жанарымнан жас төктім,


Қарауға дәтім келмеді оған үңіліп.
Ұғылмай сыры армандар қалды үзіліп...
Мазалады екен қайыңды кім,
Осыншалық жұлқылап?
Төгілді жапырақ, барады күндер зымырап.
Қайыңға қарап мұңая қайттым ауылға,
Бір нәзік сәуле жүрегімді ұрғылап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу