Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  79


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ғасыр

Іргесінен іңірдің шығарып ап басымды,
Көрем ылғый тізілген сан жетпейтін ғасырды.
Өткенгіге көз салсам сәби болып кетемін,
Он сегіз мың ғаламның түрін көріп әсілгі.
Тартсам деп ем керіге шалма қылып шашымды,
Жанарымнан аққан жас жұлдыз болып
шашылды.
Кетсем деп ем ілгері ерте ұшып аспанға,
Рухым барып шашымның ұшығына асылды.
Жұмып едім көзімді, тауысып алдым төзімді,
Күн құлады жиектен, ай да сұрын жасырды.
Күпір ойлап қалып ем Тәңір атты жасынды,
Шүкір ойлап қалып ем тулап қаным тасынды.
Мың шүкірде, бір күпір Тәңірім өзің кеше гөр!
Тауып алып таудағы қара борша қосымды,
Құшақтап сонда жатайын жирма бір жасар...
...Тым сұлу...
Көйлегі жыртық ғасырды…



30 қазан 2007ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу