Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  79


Автор: Сәруар Қамаева

БIР АДАМ БАР...

Менi жақсы көретiн,
Сөзiме құлай сенетiн;
Шапағат нұрын төгетiн,
Махаббат нәрiн себетiн;
Шын құрметтеп сыйлайтын,
Жамандыққа қимайтын;
Өзiмдi бағалайтын,
Өлеңiмдi аялайтын;
Жат қылыққа батпайтын,
Жырларымды жаттайтын;
Қиялымда самғайтын,
Үмiтiмдi жалғайтын
Бiр адам бар...
Ақ көйлектi перiштем,
Сыр сымбаты келiскен.
Сүйетiнiн бiлемiн,
Сағынып мен де жүремiн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу