Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  74


Автор: Сәруар Қамаева

ҮМIТ ӨТКЕЛI

Жаныма жасап алдым жоқтан уайым,
Көңiлдi жабырқатпай тоқталайын.
Тұтанған тұлпардың от тұяғынан
Сезiмдi ендi қайтiп ноқталайын?
Қиялдың көк пырағын ұшырайын,
Қолыңа тiзгiнiмдi ұсынайын.
Үмiттiң өткелiнен өтiп келсең,
«Жiңiшке жолдан» несiн қысылайын?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу