Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  89


Автор: Сәруар Қамаева

МОНШАҚТАРЫМ

Моншақтарым, әшекей бұйымдарым,
Мойыныма жарасар жиылғаның.
Жасыл жазым, көгілдір көктемдерім,
Жүрегіме жыр болып құйылғаның.
Моншақтарым, мөп-мөлдір түйіндерім,
Кеудеме кеп, келісер үйілгенің.
Шуақтарын, көңілдің пырақтарын,
Сұрақтарын өмірдің түйіндедім.
Моншақтарым, қаз-қатар тізілгенің,
Сағынышым, сары ала күзім менің.
Сұлу бетін жасырса көкте күнім,
Аспандамын, мен Айдың жүзіндемін.
Моншақтарым, қызығы мол шақтарым,
Күннен-күнге өзіңнен алшақтадым.
Көктем-қызды орап ап ақ сағымға,
Қоңыр күзбен қойғанмын қоршап бәрін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу