Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  73


Автор: Сәруар Қамаева

БАЙЛАНЫП ЖІПСІЗ ҚАЛМАСАМ

Жылай да алмай,
Көмейге өксік тығылып,
Құлай да алмай,
Кетеді белім бүгіліп.
Иіліп жүрмін
Талқысы қатты тағдырға,
Өмірде мынау
Бір тұрып, бірде жығылып.
Күле де алмай,
Қарайлап жанға сынаған.
Біле де алмай,
Жайымды бар ма сұраған?
Ұға алмай бүгін
Жалғанның жай-жапсарын,
Жанымды шыбын
От пенен суға тастадым.
Ұғар ма едім,
Ойланып терең барласам,
Тұрар ма едім,
Байланып жіпсіз қалмасам?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу