Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  75


Автор: Сәруар Қамаева

ҚАЛАЙША ЕЛТІМЕЙІН?..

Көңілдің кейпі бейім,
Сөзіңе сеніп тұрсам.
Қалайша елтімейін,
Солмын деп келіп тұрсаң?
Елітіп есімді алсаң,
Құшаққа қамалып бір.
Жанымда жалын жанса,
Бойыма таралып нұр.
Бекерге жолың торып,
Сол емес, басқа болып,
Жабығып қалар ма екем,
Жанарым жасқа толып?
Кірпіктен тамған шықты
Құлатпай қағып алам.
Жүректе қалған шоқты
Шырақтай жағып алам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу