Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  83


Автор: Сәруар Қамаева

АЙНАЛАЙЫН ДЕГЕНІҢ...

«Айналайын» - сөз екен
Балдан тәтті.
Ана, бала жүрегін
Жалғап жатты.
Арасында ауыр жүк
Арқалатар.
«Айналайын» - сөз екен
Тастан қатты.
Айналып та толғанып
Ана жүрек,
Баласына ғұмырлық
Бақыт тілеп.
Айналып мың сөзінен
Уілдеген.
Айналып мың көзінен
Күлімдеген.
Баласы үшін
Тас жарып,
Тау қопарса,
Ауырлығы мысқалдай
Білінбеген.
Айналып мың
Жүрегі
Дірілдеген.
Даналығы халқымның
Сыйып тұрған,
«Айналайын» - сөз екен
Биік тұрған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу