Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  75


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Ақынға шықпа, жас сұлу

Ақынға шықпа, жас сұлу,
Қалуың кәдiк жесiр боп.
Күнi ертең шабыт тасқыны
Жалынын оның өшiрмек.
Қызықпа оның даңқына,
Қаңғырар басың шуға мол.
Қарыздар болып халқына
Қалмауға белiн буған ол.
Ол жүрер желдiң өтiнде,
Жанына дамыл, жоқ тыным.
Шықпа оған, шықсаң – өкiнбе,
Өртенiп өтер көп күнiң.
Жырына да оның алданба,
Перi ғой ақын – пәтшағар,
Ғашық боп ғайып арманға,
Көзiңе ертең шөп салар..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу