Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  235


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Мен тағы ғашық болдым!

Мен тағы ғашық болдым!
«Алғашқы ма?»
Жоқ, жоқ, жоқ! Әлде жүрек алжасты ма?
Ойпырмау, махаббатым мерт болмап па едi
Ғайыптан қайта оралып жер басты ма?
Мен ғашық болман деушi ем күйiктен соң
Нелiктен сүйiп қалдым сүйiп көрсем?
Тас жiбидi десе де сенем ендi,
Нәркез көз жүрегiмдi жiбiткен соң...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу