Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  113


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АЛТЫБАҚАН

Айлы түн, ауыл сыртында
Алтыбақанда тербелдiк.
Аспалы арқан ырқында
Қанаттай бейне сермелдiк.
Төменде жатыр жанып от,
Бiздiң де көзде шоқ жанып.
Ары да берi сан рет
Зауладық, шiркiн, зауладық.
Дүние бiткен дөңгелеп,
Аунайды, көздi арбайды.
Төнемiз бiрде жерге кеп,
Бiрде көз бұлтты қармайды.
Жымыңкөз аспан күлiп кеп,
Құшағыңа ұйтқып кiрердей.
Шығамыз шырқап биiкке
Бетiнен Айдың сүйердей.
Кеуденi шаттық кернейдi!
Барады әлем бұлдырап.
Балдәурен бiздi тербейдi
Алтыбақан боп құлдырап.
Думансыз өткен күн құрсын,
Думансыз өткен түн құрсын.
Барады басым айналып,
Бақыттан ба, әлде... кiм бiлсiн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу