Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  56


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Шертетұғын сырым мол саған менiң

Шертетұғын сырым мол саған менiң,
Ақтарайын көңiлдiң бар өрнегiн,
Саған деген сезiмiм үзiлмесiн,
Үзiлсе де ең соңғы алар демiм.
Жақсылығын жалғанда өлшемеген,
Өзiңдi мен сүйенiш еңсе көрем.
Мен тағдырға бас иiп, бұл фәниде
Бақ пен сорым өзiңнен келсе деп ем.
Күмбiрлетiп кеудемiз ән өрлетсе,
Жастығымыз жалынды, алаулы өтсе,
Сен ояттың жүректiң жанартауын,
Өзiң сөндiр соны ендi шамаң жетсе!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу