Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  67


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ТҮБIР

Келе жатып қалың бауда,
Жалғыз аяқ соқпақпен.
Сәл отырып дамылдауға,
Бiр түбiрге тоқтап па ең?
Елтiп барлық құс үнiне
Шаттандырған бау iшiн.
Тырысып па ең түсiнуге
Табиғаттың дауысын!
Сұлулыққа тамсандың ба,
Қызыл бұлтты iңiрде?
Сонда бiр сәт зер салдың ба
Астыңдағы түбiрге?
Сырын желге толғамайды,
Өркенi жоқ томаршық.
Қабықтан жас сорғалайды,
Қалсаң егер сен аршып.
Ойланарсың сен қайтарда
Мылқау томар мұңайтар.
Ара айтар ма, балта айтар ма,
Оның сөзiн кiм айтар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу