Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  92


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАЛА МЕН ҚАРТ

Шатыраш шаһар үстiне
Шапақтап қонған шақта нұр,
Жөнекей көзге түстi де,
Жүгіндім барып қартқа бiр.
Көзiндей көзi қыранның,
Жүзiне жылдар жол салып.
Түбiнде биiк кранның
Тұқшиып отыр томсарып.
Қолында – қайың таяғы,
Қамыққан сынды шал мына.
Қырғын боп өткен баяғы
Қызығын еске алды ма?
Сақалын уақыт сиялап,
Санаумен жүр ме күн-айын?
Өңiнде тұрған ұялап
Өкiнiш пе, әлде уайым?
Қатпады жауап сөзiме
Тiстенiп, қолын бiр сермеп.
Өңменнен өткен көзi мен
Әжiмi ғана тұр сөйлеп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу