Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  136


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Жас аға

Көп жыл бұрын қайтыс болған жас ағам,
Түсiме ылғи кiредi әлi, жасаған...
Көрiп, бiлiп, бағып жүрген тәрiздi
Менiң бүкiл тiрлiгiмдi тасадан.
Жап-жас жiгiт жиырма беске толмаған,
Жас та болса қалды аға боп ол маған.
Сұңқар серi, сұңғыланың серкесi,
Көшелiнiң көсемi едi сол заман.
Сыймай кеттi...
Сыйғызбады бұл мекен...
Сығыр тағдыр көрсеттi ғой түр бөтен.
Не сыры бар түсiме ылғи кiргендей?
Желеп-жебеп, демеп менi жүр ме екен?
Беу, жан ағам, жасы кiшi баламнан,
Суретiңдi сүрте алмаймын санамнан.
Менен қандай iнi шықты, бiлмеймiн,
Сендей аға тапқан жоқпын ғаламнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу