Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  92


Автор: Талғат Орманов

ТОПЖАРҒАН

Жеңімпазсыз чемпион риза халқың,
Грек рим күресінен таққан алтын.
Отыз үш жыл өтсе де тұлғаң дара,
Азат елде тәуелсіз жүзің жарқын.
Рух-жігермен паш етіп ептілігін,
Жастарға үлгі-өнеге септі нұрын.
Мәскеуде Жақаң жасын жарқылдады,
Қажымұқандай танытып тектілігін.
Елбасыны ұғынған жүрегімен,
Жас өркенге сара жол, тірегім сен.
Қарапайым мінезің Ақжайлаудай,
Айналайын ағажан, тілегіңнен.
Өнегеңмен мақтанамыз, тасамыз,
Пайғамбар жас иманды іс тосамыз.
Жандос, Елдос, Жеңістен шөпшек көріп,
Жеңгеміз Күлпанменен жүз жасаңыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу