Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  73


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

...Ей, Мырзам, сөз тындағын аял қылып....

...Ей, Мырзам, сөз тындағын аял қылып,
Жүрегі - Алаш деген аяулы үміт, -
Жүздеген жылды тастап...Жаяу Мұса
Келіп тұр, міне, бізге жаяу жүріп!
Ақ үйде жайқандаған жанын күтіп,
Ән салған Ақ патшаға тамылжытып,-
Шорманның Мұстапасы күйме жеккен,
Мерт болды сол Жаяудың шаның жұтып...
Әй, Мырзам, бұ заманың кемеңгері,
Керілген сый құрметке бөленгелі;
Менен сен Мұстапаға ет жақындау,
Жаяуға мен жақынмын сенен гөрі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу