Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  85


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ПЕНДЕНІҢ ҚАСІРЕТІ

Өзімнің зәрем ұшты сезгенімде,
Дәл менше тағдыр елді сынап па екен,
Күліппін – күлмейтұғын кездерімде...
Соныма ғұмыр-бақи жылап кетем!
Көзіңмен көре тұрып, сезбедің бе?
Мен ғана күллі адамнан күйікті екем:
Жылаппын – жыламайтын кездерімде.
Соныма ғұмыр-бақи күліп кетем!
Мен сөйтіп еңсемді бір биіктетем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу