Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  83


Автор: Нұрлан Қалқа

Ібілістің баланы азғыруы

«Əкенің көңілі балада,
Баланың көңілі далада».
Дəл тауып айтқан қазағым,
Ібілістің біліп мазағын.
Айдап сап іштей мəз болар,
Баланы былай азғырар:
«Жүрегін, жанын жазала,
Шақырса барма, қарама.
Əкеңе сенбе, анаңа,
Өзіңнің сенгін санаңа.
Жүргендер бар ғой əкесіз,
Əкеңді сыйлап қайтесіз.
Деп сөксін мейлі: жетесіз,
Қамықпа бұған өте сіз.
Тыңдама ондай мылжыңды,
Ақылман пенде – шын жынды.


Қамалып үйде, қынжылма,
Бұзып шық сыртқа шынжырды.
Еркіндік қандай тамаша,
Үйіңе келгін таң аса.
Өмірді баста жаңаша,
Далаша емес, қалаша.
Осы ғой менің кеңесім,
Қыңырсың маған керексің.
Басқалар саған теңессін,
Азғырды шайтан демесін».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу