Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  415


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Жер дейтін планета

Жер дейтін планета,
Әлемнің бұрышында,
Бір қыз бар...
Есімі тұр тіл ұшымда.
Әнші де, биші де емес,
Баққаны өнер де емес.
Бір ғана берер кеңес:
Қабағында толқынды жасын ойнап,
Ол күлсе – түрленеді жасыл аймақ,
Жыласа, күңірентер қанша әуенді,
Жұбанса, жүрек басты барша белді!
Аққудай тамсануға жаратылған,
Арулар ақындарға бола туған.
Бір қыз бар...
үмітімнен таң атырған,
Әлемнен дара тұрған!
Сол жанның мәңгі алаудай жанса бағы,
Жүрегі жүрек емес, ән сабағы.
Ғажайып жұмбағына Жаратқанның,
Шіркін-ай, адам қалай қол салады!
Өмірім өктем күнін тапты содан,
Көңілім көктем гүлін тапты содан,
Сенімім шерткен сырын тапты содан,
Сол жұмбақ жан ұқсайды қатты саған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу