18.08.2022
  77


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

АРЫНДЫ АРҚАН

Ойыншылар дөңгелек шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында тұрады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар тұрған орнында секіріп, арқанды аяқтарының астынан өткізіп тұрулары керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортада өз өнерін көрсетеді. Бұл ойынды былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, сөйтіп, соңғы бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады. Осылайша ең соңында қалған ойыншы жеңімпаз атанады. Сондай-ақ бұл ойынды екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Белгіленген уақыт аралығында қанша бала шеңбер ден шықпай қалса, солардың санына қарай балалары көбірек қалған топ жеңімпаз атанады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу