18.08.2022
  349


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

АРҚАН ТАРТЫС

Ойынды жаздыгүні көкалда ойнауға болады. Ой ыншылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8–10 метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның ортасына белгі ретінде қы зыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай қатарға тұ рады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен «бір, екі... бір, екі...» деп санап шығады. Содан кейін «екі» дегендері (жұп) бір жаққа, «бір» дегендері (тақ) екін ші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұ рын жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойыншылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Арқанның бойына сыймағандары бірбі рінің белінен ұстауға болады. Ойын жүр гі зушінің белгісі бо йынша екі топ арқанның екі жағынан екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты – қарсылас топтың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сы зықтан өткізіп, өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан қар сылас жаққа өтіп кеткен ойыншы ойыннан шы ғып қалады. Егер ойыншыларының сандары азайып қалған топ қаласа, ойынды тағы да жалғас тыруға болады. Сөйтіп, ең соңында ойыншылары әбден азайып, арқан тартысуға шамалары жетпей қалған жақ жеңілген болып табылады. Арқан тартыстың екінші түрін ойнау үшін он-он бес бала тартқанда үзіл мейтін арқан және үлкен адамның ала қаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей етіп тесіледі. Содан кейін қар жентектеліп, аққала іспетті үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өткізіледі. Сосын тақтайшалар аққалаға екі-үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түй ілетін болады. Тақтайшалар өздігінен жылжып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Бәрі дайын болған соң балалар екі топқа бөлінеді де екі жаққа ерсілі-қарсылы тартыс басталады. Аққала қай топқа қарай құласа, жеңіс солардікі болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу