Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  66


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тоңамын, әбіржимін, жаурап кетем...

Тоңамын, әбіржимін, жаурап кетем,
Қорғаным, Інжіл, Забур, Таурат па екен?
Құран ба әлде,
Жебірейіл қолдап жүр ме,
Әзірейіл ауылы аулақ па екен?
Ғайбаттап бауырларды тілдейміз-ау,
Бір өстік,
Бірге бірақ жүрмейміз-ау.
Бауырдың шын бағасын мен білемін,
Бауырым, бауыр етем,
Білмейсің-ау.
Ат озар,
Тұяғы бар тағалаған.
Мен-ақ бола қояйын жаман адам.
Ақ адал пейіліңе берсе екен,
Бауырым сол, артымда ағалаған.
Аға дейсің,
Үніңнен ағалаған.
Бір сыр айтам бауырым, қара маған.
Екі өмірде оңбайды, ұғын інім,
Анасының көңіліне қарамаған.
Ағада, жол бастаушы ізеттілік.
Ініге жөнін айтар түзеп тұрып.
Өмір деген әскери тәртіп інім,
Сұрамай шашыңды алар күзеп тұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу