Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  183


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

От анасы

Отағам-ау, дейсің қалқам, биіксің,
Жас шағыңды маған еркем қиыпсың.
Төрт құбылам,
Төрт перзентті сыйладың,
Саған арнап жыр арнадым сүйіктім.
Туған күнің,
Бүгін Алла бұйырған.
Қандай әсем қас-кірпігің қыйылған.
Құшағыңнан жанға дауа тапқан ем,
Ат терлетіп келсем дағы қиыннан.
Жарығым-ау
Түн ұйқымды ұрладың,
Ләйлім едің,
Мәжүнүндей жырладым.
Гүл ұсынып сүйейінші бетіңнен,
Ұйқыңды қи,
көзіңді ашшы,
тұр жаным.
Төрт ұрпағым Алла берген несібем,
Ескегім-ай,
Оңды-солды есіп ем.
Періштеге өкпе артып кетер ме ем,
Сені қосты,
Сол үшін де кешірем.
Күнім күліп,
Ай оңынан туған ба.
Бауырмалсың ағайын жұрт, туғанға,
Сені маған еншілеген екен ғой,
Алла құдай, анашыңнан туғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу