Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  82


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жан-жарыма

Өкпелейсің, кейде амалсыз күлесің.
Томсырайып жақтырмай да жүресің.
Ішіңдегі әлеміңді білмеймін,
Ал сен бәрін білесің.
Қиналғанда ақтарамын сырымды,
Жаның нәзік,
Болсаңдағы бұрымды.
Әкем-анам өтіп кетті өмірден,
Түсірмеші құнымды.
Мықтымын ғой,
Күйім де жоқ ақталар,
Бұл күндер де естелік боп сақталар.
Күнәң менен игілікті тірлігің,
Аллаға аян, айырмасын һақ табар.
Сүңгіп кеттім, өмір өлең әлемге,
Ақ иықты ақындарым бар елде.
Пайғамбарлар енді қайта тумайды,
Әй ақындар,
Мұны тағы дәлелде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу