Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  77


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жалғыздық

Мен ғана,
Жап-жалғыз және мен.
Өзім-ақ,
Өзімнің әлемім.
Бұрымды қыз да жоқ, досым да,
Қасым жоқ, салатын әлегін.
Жалғызбын,
Өзіммен сырластым.
Жырыммен сырды аштым, мұңдаспын.
Әрбірі әр жаста болса да,
Ақынның бәрімен құрдаспын.
Келсе егер шабытым құйылып,
Жырымды тыңдашы жиылып,
Жұмбақтың төрінде жыр оқыр,
Сол өмір келсе екен бұйырып.
Өлеңім,
Сен маған керексің,
Жырыңмен, сырыңмен ерексің,
Тылсымның түндігін түріп кеп,
Бесікте тербелген бөбексің.
Сен мені жетекте арманға,
Ібіліс жолында алдынба,
Тұңғиық түнектен сүйреп шық,
Жол сұрап жабығып қалғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу