Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  81


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тегіне тартпай қоймайды

Жырақ кеткен жанмын досым ауылдан,
Жырақ жүріп,
Пырақ мініп дауылға.
Қаннан ба екен, игілікті істен бе?
Қарап тұрсам барлық балам бауырмал.
Кім жек көрер,
Айтыңдаршы баласын?
Ашулансаң сілкіп-сілкіп аласың.
Әр баланы мінезімен тумайсың,
Ақылды етіп жаратқан ба санасын?
Жетпей жатса, жұрт секілді керегі.
Дей алмаймын әзәзілге ереді.
Аузындағы күлшесінің жартысын,
Достарына теңдей бөліп береді.
Мақтаймыз кеп, өзге жұрттың баласын.
Тырнап алып өз балаңның жарасын.
Қуыстанып жүреді ол айықпай,
Жерге жығып, улаймыз-ау санасын.
Солай-солай, біздің үйдің тәлімі,
Тіршілік қой,
Қазақшылық кәдімгі.
Өмір қатал, тал бесікте шынықсын,
Ұлдарыма әрі тәлім, әрі үлгі.
Деп жатамыз,
Қара, жұрттың баласын,
Сол қараумен жетілсе деп санасы.
Жұрт ұлынан көш ілгері байқасаң,
Өз балаңа үңіліп бір қарашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу