Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  82


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Праймериз

Болыс болсам, бар малымды шығындап,
Жүрсем деймін билік жақта ұрандап.
Адам пенде, есек судан өткен соң,
Жүрермін-ау қос танауым пырылдап.
Түзеп алып жан-жағымды, мал-жайды.
Праймеризің ақылымды арбайды.
Сайқал тірлік, саясатқа сенбеймін,
Ол түбінде алдайды.
Праймеризге өтіп кетіп ептілер,
Малы барлар,
Танысы бар шеп түзер.
Аңызақта су бермейтін «Шығайбай»,
Сайланып ап, кенезеңді кептірер.
Қара халық күнін ойлап зарлайды,
Дұрысын да, бұрысын да барлайды.
Саясатта қате тірлік жасасаң,
Абыройың қалмайды.
Шүкірмін ғой,
қанатым бар талмайтын.
Қамалым бар дұшпан ала-алмайтын.
Өлеңім бар ғарыш асып келетін,
Сәлемім бар, берген кезде алғайсың.


Сан мың ойлар сансыратса санамды,
Тылсым дүние түнді түріп қараңғы,
Түс оңалмай, іс оңалмас ұғындым,
Түсімде алдым бағамды.
Жалған өмір,
жоғалмасын өнерім,
Әкем салған ізбен жүріп келемін.
Халқым барда өркендеймін, түс көрдім,
Көзімін ғой көненің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу