Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  100


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ар соты - 2

Жетім қозы да маңырап жүріп оттайды.
Кінәлі болсаң ар соты сені соттайды.
Жаның кеткенде тәніңді жерге тапсырып,
Уақытша ғана жоқтайды.
Жетім қозы да маңырап жүріп отығар,
Жетімді жебе, көзінде оның оты бар.
Жетім мен жесір жандарды Алла қолдайды,
Көшіңе бірге қосып ал.
Тағдырың солай,
Өмірдің солай тылсымы.
Қай кезде тоқтар жүректің соққан дүрсілі?!
Алға бастырмас қырсығы сол-ау өнбейтін,
Жүрелеп жүрген адамның көп-ау қырсығы.
Тірлігі шымыр жандарды тұлға, бақ көрем.
Ақ тұлпар мініп, қынында жүрген ақберен.
Бәрі де құмар, ұмтылып жүр-ау бұйырсын,
Ұшатын құс қой бақ деген,
Мәңгілік емес тақ деген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу