Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  76


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мұңаймаңыз, ағажан, мұңаймаңыз...

Мұңаймаңыз, ағажан, мұңаймаңыз.
Құлшылық жасап жүрміз бұл айда біз,
Ақынның демеушісі өлеңі ғой,
Өр өлеңмен ұнармыз Құдайға біз.
Сабыр керек ағажан, шүкірлік те,
Ақын жаны жол бермес күпірлікке.
Құдай оны кешірсін деп жүремін,
Құдығыма кеткенге, түкіріп те.
Алла мені аясын, күнәм болса.
Алла сені кешірсін, кінәң болса,
Үміт үзбе, жолың да оңғарылар,
Жүрегіңде сабыр мен шыдам болса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу