Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  83


Автор: Сәуле Досжанова

Жаныммен сүйдім, тәніммен сүйдім өзіңді...

Жаныммен сүйдім, тәніммен сүйдім өзіңді,
Тастан да берік жан едің неткен төзімді.
Мен барда қалқам толтырма жасқа көзіңді,
Жүрекке жазып отырам күнде Аяулым,
Еске алып айтқан өткен жылдарда сөзіңді.
Сүйгемін сені, біткенше демім сүйемін.
Сырыңды тыңдап, бір ойды сезіп, түйемін.
Өткердің нені бүгінге дейін ісім жоқ,
Мен үшін жалғыз адал жар сенсің киелім!
Алаулап атқан ақ таңда жазған жырым бұл,
Жырымды оқы, көзіңнен түскен нұрың тұр.
Толғаныс еді мазаламаған бұрын бір,
Езіліп жаным, өзіңе айтқан сырым бұл.
Сырым бұл саған, жалған бір сәтте езілген,
Мұңым бұл бүгін жасыра алмаған өзіңнен.
Ойланып жүрмін, толғанып жүрмін бұл жылдар,
Жалғанда мынау жалғыз қалғаным сезілген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу