Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  94


Автор: Сәуле Досжанова

Мына шулы әлемнен безінейік...

Мына шулы әлемнен безінейік,
Жан баспаған бір жерде кезігейік.
Ұмытайық барлығын кешегінің,
Алабұртқан жастардай сезінейік.
Жүр, солай бір сапарға аттанайық,
Ән салайық, жыр оқып шаттанайық.
Тағдырларды талқандап кете қоймас,
Сыртымыздан біздерге таққан айып.
Кедергілер қалсыншы артымызда,
Кейде көне алмаспыз шартыңызға.
Сезімдермен себелеп аяулы бір,
Сөз қалдырсақ болғаны халқымызға.
Пенделердің басына келіп-кетер,
Асыл ойлар адамды көрікті етер.
Өзіңді ойлап отырмын дәл осы сәт,
Аппақ сезім қар емес еріп кетер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу