Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  69


Автор: Сәуле Досжанова

Жанымдасың, бірақ қолым жетпейді...

Жанымдасың, бірақ қолым жетпейді,
Көкірегімнен бір сағыныш кетпейді.
Алты алашты сөзбен тосқан жігіт ем,
Саған ғана неге сөзім өтпейді.
Саған ғана менің сөзім өтпейді,
Көкейімнен асыл бейнең кетпейді.
Өзің жайлы том-том кітап жазар ем,
Өмір қысқа, уақыт шіркін жетпейді.
Сендік тағдыр сезімімді шектейді,
Сонда да бір үміт кейде көктейді.
Күллі адамға деген жұмсақ жүрегің,
Түбінде бір мені сыртқа теппейді.
Тағдыр қанша бөлгенімен араны,
Бұл махаббат бір күн қолдау табады.
Сені шексіз сүйгеніме жауап боп,
Әйтеуір бір менің бағым жанады.
Сенем, жаным түбі бағым жанады!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу