Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  94


Автор: Сәуле Досжанова

Алыста жүрген рухани менің тірегім...

Алыста жүрген рухани менің тірегім,
Күнімен қалқам сені ойлауменен жүремін.
Жырыңды оқып, сырыңды ұғып, сағынам.
Киіктей сол бір жеріген кейде қағынан.
Осынау мұңлы тағдырға бар ма шарамыз,
Күн өткен сайын алыстап неге барамыз.
Ұмытпас жүрек он сегіздегі еркесін,
Мәңгілік мейлі махаббат оты өртесін.
Жүрсе де қайда сағынған туған өлкесін,
Жаңбыр боп жауып әйнекке бір сыр шертесің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу