Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  69


Автор: Сәуле Досжанова

Аяулым менің, үзілтіп, толқып ән салған...

Аяулым менің, үзілтіп, толқып ән салған,
Батырып күнді, сені ойлап таңды қарсы алғам.
Тіршілікпенен күресіп жүрміз дегенмен,
Өмірдің көбі тұрады екен аңсаудан.
Сағыныш мынау сәт сайын мені баурайды,
Тоқтай алмастан уақыт шіркін аунайды.
«Тағдыр бізді қоспайды ғой», – деп мойындап,
Суық ойлардан жан-тәнім сұмдық жаурайды.
Қап-қара шашың ақ тамағыңа оралып,
Қап-қара көзден дүниеге шуақ таралып,
Сен жүрген кезде басқаны бөлеп бақытқа,
Мен жүрген едім рухым мен жаным тоналып.
Сендегі шексіз мейірім-нұрдан таралған,
Оянып кетіп, тербетті мені сан арман.
Ақтамда туған аяулы менің асылым,
Асыл дидары Күн менен нұрдан жаралған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу