Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  102


Автор: Сәуле Досжанова

Сағыныштан сарғайып, қаным қайнап...

Сағыныштан сарғайып, қаным қайнап,
Өртенеді өзегім өзіңді ойлап.
Жиырма жеті жыл бұрын некелесіп,
Тағдырыңды беріп ең маған байлап.
Содан бері ұғысып көзімізбен,
Тілдескенде бал татып сөзімізден.
Жаңа ғана табысқан ғашықтардай,
Айырылдым-ау ғажайып кезімізден.
Күн көрмесек табысып сағынысып,
Қыз-жігіттей болушы-ек алып-ұшып.
Енді соның барлығын еске аламын,
Кеткендей боп басымнан бағым ұшып.
Анаң жүз жыл жасаған асыл еді,
Әкеңіз де сексеннен асып еді.
Орта жолда біздерді айырардай,
Неден шошып қаныңыз тасып еді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу